Жаңалықтар | Новости

Ақжелкен коронавирустан қорғай ма?

Қазақстандықтар “ақжелкен COVID-19 вирусынан қорғайды” деп оны жаппай сатып алып жатыр. Алайда дәрігерлер бұл өсімдікті шектен тыс пайдалануға болмайтынын ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

MedSupportKz командасының мүшесі, медициналық блогер Кристина Лобчук ақжелкен пайдалы өсімдік екенін, бірақ оны шектен тыс пайдалануға болмайтынын атап өтті. Себебі, ол адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

“Ақжелкеннің құрамында қыша майы бар. Оның емдік қасиеті бар. Алайда оның кері жағы басым. Егер сізде бауыр, бүйрек, асқазан-ішек жолдары, қалқанша без аурулары болса, аяғыңыз ауыр болса, оны пайдаланудың қажеті жоқ. Балаларға оны тамақтану рационына қосуға болмайды”, – деді ол.

Сондай-ақ, Кристина Лобчук бұл өсімдік тыныс алу жүйесінің шырышты қабығын күйдіруі ықтимал екенін айтты.

“Қыша майы тітіркенуді тудырып қана қоймай, ауыздың, көмейдің, өңештің, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Сондықтан ол көмектеспейді. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы кезінде оны пайдалану денсаулығыңызды ушықтыруы ықтимал”, – дейді маман.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда ақжелкенге сұраныс артқанын хабарланған еді.

Комментарий