Жаңалықтар | Новости

Әлемде 15 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Соңғы деректерге сәйкес, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 15 миллионнан астам дерегі тіркелді деп хабарлайды Газета.ru. 

Worldometer порталының мәліметінше, инфекциядан жазылып шыққандар саны 9,1 миллионнан асқан, 618,4 мың адам вирустан көз жұмды. Ауру жұқтырғандар және қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында – Бразилия.

Ал көршілес Ресейде өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың 5 842 дерегі тіркелді. Жалпы, елде 783 328 адамнан инфекция анықталған, оның 562 384-і жазылып шықса, 12 580 науқас қайтыс болған.

Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте 1685 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 743 науқастың клиникалық белгілері жоқ. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 75153-ке жетті.

Комментарий