Жаңалықтар | Новости

Қандай маска тағу керек?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, медициналық және мата маскаларды кім және қашан киюге болатынын арасында бірнеше айырмашылықтары бар.

Мәселен, масканы қолданған кезде оны дұрыстап кию және дұрыс тастау маңызды.

  • Масканы киер алдында қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
  • Ауызыңызды және мұрныңызды маскамен жауып, бет пен маска арасында бос орындар жоқ екенін тексеріңіз.
  • Масканы қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз. Егер тигізсеңіз, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.
  • Масканы ылғалданған соң ауыстырыңыз және бір реттік масканы қайталап кимеңіз.
  • Масканы артқы жағынан шешіңіз (алдынғы жағын қолыңызбен ұстамаңыз). Оны дереу жабық қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.

Ал Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанованың айтуынша, коронавирустан зауытта жасалған маскалар жақсы қорғайды.

«Адамдар қолданып жүрген масканың бірнеше түрі бар. Біреуі өз бетінше тігеді, басқасы дәріханадан сатып алады. Зауытта жасалған маскалар үш қабатты және олар тығыздалған, сондықтан вирустардан жақсы қорғайды. Ал үй маскасының әсері матасына байланысты. Бірақ ең бастысы – масканы тағу және жиі ауыстыру. Әр үш сағат сайын ауыстыру керек, масканы шешіп, қалтаға салып, содан кейін қайта тағуға болмайды. Шешіп тастасаңыз, жаңасын киіңіз», – деді дәрігер.

Ол, сондай-ақ, медициналық маскаларды кәдеге жарату ережелері туралы еске салды. Айтуынша, оларды қоқыс жәшігіне немесе контейнерге тастауға болмайды, пластикалық қаптарға салу керек.

Комментарий