Жаңалықтар | Новости

Тамыз айында қазақстандықтарға 42 500 теңге төлене ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі карантин шаралары ұзартылған жағдайда, тамыз айында жәрдемақы төлене ме деген сұраққа жауап берді.

Министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, үкімет шілде айында 42 500 теңгені біржолғы әлеуметтік төлем ретінде белгілеген. Ережеге сәйкес, аталған жәрдемақы табысынан айырылған азаматтарға бір айға ғана төленеді. Тамыз айына мұндай төлем қарастырылмаған.

Сондай-ақ ведомсвто өкілдері қазақстандықтарға 1 қыркүйекке дейін Egov, 42500enbek.kz сайты, telegram-боттар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы, сондай-ақ банктер арқылы өтінім беруге болатынын еске салды. Өтінім бес күн ішінде қаралады.

Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір миллионнан астам адам 42 500 теңгеге өтінім бергенін, әлеуметтік төлем 880 мың қазақстандыққа тағайындалғанын мәлім етті.

Комментарий