Жаңалықтар | Новости

Алматы қаласында 15-тен астам нысан ауруханаға айналады

Алматыда бірқатар нысанды аурухана ретінде қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нақтылап айтсақ, 15-тен астам денсаулық сақтау нысандарын, санаторийлер мен басқа да ғимараттарды дайындау және жабықтау жоспарлануда.

Бұрын хабарланғандай, Halyk Arena науқастарды қабылдайтын орталық ретінде жұмыс істей бастады.

Сонымен қатар, «Қазақстан», «Көктем» санаторийлері және басқа да қолайлы ғимараттар дайындалады. Қазір ауруханалардың, байланыс жүйелерінің, инженерлік-коммуникациялық және энергетикалық желілердің аумақтарына талдау жүргізіліп, логистика мәселелері пысықталуда, – деп жазады dauletten.kz.

Олар толыққанды жұмыс істеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес қайта жабдықталады.

Комментарий