Жаңалықтар | Новости

Коронавирусты анықтайтын тест тегін болмақ

Осыған дейін вирусты анықтайтын тестің қымбат екені көп айтылды. Енді кей адамға бұл қызмет тегін болады, – деп жазады nege.kz.

Сонымен, медициналық сақтандыру қоры МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

Бірінші кезекте – инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Диагнозды растап, емдеу алгоритмін қолдану үшін олар шұғыл түрде тексерілуі керек.

Келесі санат – провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер. Оларда белгілі бір симптомдар болады және диагноз қою керек.

Содан кейін ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен. Аталған топты тестілеу үшін қор емханалармен, отбасылық амбулаториялармен, ал олар өз кезегінде зертханалармен шарт жасасты.

Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушыларына да жасалады.

Бұдан басқа, жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер де ПТР-тест тапсырады, бұған жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер жатады.

Комментарий