Бас тақырып | Тема дняҚоғам | Общество

42500 теңге жәрдемақы алу үшін өтінішті қай кезден бастап беруге болады?

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан «42 500 теңге» төлеміне өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат жалған болып табылады. Бұл туралыSkifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтемежасап.

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.

“Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр.

Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз”, – делінген ресми хабарламада.

Комментарий