Қоғам | Общество

Қашықтан оқыту:мұғалімдер меноқушылар арнайытарифпен сөйлеседі

Бұл тарифтік жоспар қашықтан оқыту форматына көшуге, шалғай ауыларда электронды қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, дейді Асқар Жұмағалиев   

Ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі.

“Ұялы байланыс операторларымен бірге мұғалімдер мен оқушыларға арналған арнайы тарифтік жоспар әзірлеу мәселесі пысықталды. Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңырауларды, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі белгілеген отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылуды қарастырады”, – деді Жұмағалиев үкімет отырысында.

Сонымен қатар, айтуынша, бұл қашықтан оқыту форматына көшуге, шалғай ауыларда электронды қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, министр президенттің интернетті қолжетімді етуге қатысты тапсырмасы қалай орындалып жатқанына тоқталды.

Ол қазіргі таңда еліміздің 4649 елді мекені интернетпен қамтылғанын, бұл халықтың 97%-ін құрайтынын атап өтті.

“Осы жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекендерге талшықты оптикалық желілер, мобильді және радиотехнологиялар арқылы интернетті жеткізу жобаларын аяқтау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде интернетпен қамту деңгейі 99,3 процентке жетеді”, – деді ведомство басшысы.

Комментарий