Қоғам | Общество

МАҢҒЫСТАУҒА БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІГІНЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЖЕТТІ

 

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмовтың БАӘ басшыларымен жүргізген келіссөзі нәтижесінде аймаққа гуманитарлық көмек жеткізілді. 7,5 мың тонна жүк тиелген әуе кемесі Ақтау халықаралық әуежайына келіп қонды.

Келген көмектің ішінде 25 жасанды өкпе вентиляциясы (ИВЛ) құрылғысы, 95 мың дана бетперде, 100 мың дана антителан анықтайтын тест, 250 мың дана медициналық қолғап, 15 мың қорғаныш халаты және 6 мың дана қорғаныш жапқышы (накидка) бар.

Бұл медициналық жабдықтар Маңғыстау облысындағы барлық қала мен аудандардағы медициналық ұйымдарға үлестіріліп беріледі.
Гуманитарлық көмектің дұрыс бөлініп, мақсатты жұмсалуын әр қала мен аудандарда арнайы құрылған комиссия қадағалайды. Комиссия құрамына жергілікті депутаттар, қоғам белсенділері мен мемлекеттік орган өкілдері енеді.
Маңғыстау өңірінің басшысы көмек қолын созған Абу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мен Абу Даби билеуші әулетінің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянға алғысын білдірді.
Жазира Қуанышбекқызы

Комментарий