Қоғам | Общество

Биыл балалар қалай оқиды?

Енді бірер айдан кейін жаңа оқу жылы басталады. Ал қазіргідей індет өршіп тұрған кезде балалар қалай оқиды? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі жауап берді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биылғы оқу жылына қатысты үш нұсқаны атады.

«Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әзірлеген үш негізгі нұсқа бар», – деді ол Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, бірінші нұсқа – қашықтан оқыту. «Бұл нұсқа таңдалған жағдайда, алыстағы елдімекендерді есептемегенде, қалғанының бәрі қашықтан оқытылады. Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту. Бұл жағдайда шектеу болуы тиіс: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы керек. Қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы қажет», – деді министр.

Сондай-ақ, Асхат Аймағамбетов үшінші нұсқа бойынша штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала отырып, сабақ жалғасуы мүмкін екенін айтты. Бірақ мұндай жағдайда, сыныптан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады екен.

Nege.kz

Комментарий