Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады» – жоғары санатты дәрігер

Қазақстанда 10 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдығады. Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осындай болжам айтты, деп хабарлайды aikyn.kz.

«Елімізде 18 миллион халық бар. Менің болжамым бойынша, коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады. Бұл – биологиялық процесс. Ауруға кез келген адам шалдығады, індеттен ешкім қорғалмаған. Коронавирустан қорғайтын жалғыз тәсіл – әр ағзада антидене түзілуі керек», – деді ол.

Оның пайымынша, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланбағанда, қазіргі ауру және өлім-жітім көрсеткіші наурызда басталар еді.

«Қазір мен барынша оқшауландым. Бірақ, менің коронавирусты жұқтырмайтыныма кепілдік жоқ. Қазіргі жағдайда әр адам өз денсаулығының менеджері болуы тиіс. Имунитетті нығайту – пандемиядан жеңімпаз болып шығудың жалғыз жолы», – дейді Тамара Вощенкова.

Комментарий