Саясат | Политика

«Бізге үкіметті қайта құрылымдау қажет» – Мемлекет басшысы

Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге, әкімдер мен министрлерге демалыс берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Мемлекет басшысы жағдайдың өте ауыр болуына байланысты шенеуніктердің демалысқа шықпайтынын айтты.

“Жаздың жартысы өтті. Министрлер, әкімдер, президент әкімшілігінің қызметкерлері, демалыс деген жоқ, өйткені жағдай өте ауыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар”, – дейді Тоқаев.

Тіпті президент кейбір басшылардың қызметіне разы емес екенін жеткізіп, оларды жазалаған дұрыс деп ойлайтынын айтты.

“Кейбір әкімдер сөгіс пен ескертулер алды. Негізінде, облыс басшылары мен бірқатар министрлер осындай жазаға лайық”, – дейді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент халықтың билікке сенімсіздігі жайлы сөз қозғады.

“Дағдарыс біздің қоғамдағы әлеуметтік теңгерімсіздігімізді, азаматтардың жергілікті және орталық билікке деген сенімсіздігін көрсетті. Бізге үкіметті қайта құрылымдау қажет. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруды едәуір нығайтуды қамтамасыз ететін саяси реформаның бөлігі болады.

Енді міндеттерін сапалы түрде орындау үшін жаңа кадрларды іріктеу міндеті маңызды бола түсуде. Жаңа курс жаңа орындаушыларды ұсынады – білімді, белсенді, іскер және адал адамдар.

Енді ойланып көріңіздер, осындағы команда көрсетілген өлшемдерге сай келе ме, жоқ па. Үкімет мүшелері, әкімдер өз мүмкіндіктерін байыпты бағалайды деп ойлаймын, бірақ бізде өз-өзіне сыни көзқараспен қарауда қиындықтар бар, сондықтан бәрі мемлекеттің пайдасына шешіледі деген үміттемін”, – деп баса айтты президент.

Комментарий