Қоғам | Общество

Имбирді игілігіңе жарата біл!

Жалпы, имбирь Қытай медицинасы бойынша денсаулық күтімінде ең жиі қолданылатын дәрілік шөп. Оның көптеген пайдасы бар:  Асқазан ауырғанда, ас қорыту жүйесі құртылған кезде, имбирьді қоюлатып қайнатып жиі-жиі ішкен абзал. Суық тигендерге де имбирдің пайдасы мол! Асқазандағы суықтықты жоюға да көмектеседі екен. Имбирдің емдік қасиеттері ежелгі замандардан белгілі. Тағамға қолданылатын оның тамырлары метаболизмді жеделдетуге көмектеседі, адамның қан айналымы жүйесін ретке келтіріп, организмге көп энергия сыйлайды. Сондай-ақ, ол көптеген сергіткіш сусындардың құрамдас бөлігі болып саналады.

Имбирді арықтауға да жиі пайдаланып жатады. Яғни майды кетіруге ықпал ететін әсері оның құрамында жатыр: эфир майлары ішек қызметінің үйлесімсіздігімен күреседі, тамақты тез қорытуға көмектеседі, холестериннің организмде сіңірілуіне кедергі келтіреді және оның қан сарысуындағы жалпы деңгейін төмендетеді.

Имбирдің антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттері де көпке белгілі.  Яғни, суық тиюге қарсы имбирдің тамыры, тұнбалары немесе дәмдеуіштері пайдаланылады. Бұл емделу жолы – ішектің түйілу процестерін тоқтатып, оны тазартуда маңызды рөл атқарады.

Көбінде диетологтар имбир тамырын шәй ретінде қолданады: жаңа тамырды лимон немесе бал қосып әзірленген ыстық шәйға салып, бұқтырады. Жалпы алғанда мұндай сусын адам ағзасына өте пайдалы әрі дәмі де жағымды. Имбирьді қайнатып күніне 500-550 мл ішкен дұрыс. Сонымен қатар, бір жапырақшасын алып ауызға салып сорып жүрген де пайдалы. Жаңа босанған аналардың денсаулығын түзету барысында қойдың етімен бірге қайнатып ішсе, энергия қалыпқа келіп, омыраудағы сүт мөлшері көбейеді.  Денеден жағымсыз иіс шыққанда имбирьді қайнатып жуу қажет. Біршама уақыт тоқтатпай қайталаған жөн.  Сондай-ақ имбирь ішкі ағзаларды тазартуда ең таптырмас құрал болып табылады.  Денедегі жылы энергияны күшейтуде аса маңызды орын алады. Өзінің ерекше табиғи қышқыл дәмі денедегі энергияны қалыпқа келтіруге көмектеседі.  Суық тиюден қорғайды. Салқындап қалғанда имбирьді қоюлатып қайнатып ішкен дұрыс. Жүктілік кезінде токсикоз, жүрек айну секілді жағымсыздықтардың алдын алады. Имбирьді тұрақты түрде қолдану арқылы артық салмақтан құтылуға болады. Дегенмен, имбирьге аллергиясы бар адамдар сақтықпен қолдану қажет. Имбирь шайын балаларға,  жүкті аналарға, қарттарға қолдануға болады.

Осы орайда сөзіміз жалаң болмас үшін имбирьді қалай қолдану жөнінде де айта кетсек. Ауыздан жағымсыз иіс шығатын болса имбирь арқылы оңай құтылуға болады. Өйткені түрлі карамелькалар мен сағыздардың пайдасы уақытша ғана екені бәрімізге аян. Олардың зияны да жоқ емес. Медиктердің галитоз терминімен аталатын бұл кеселі – асқорыту немесе өкпе мен ауыз қуыстарының кінәратын білдіреді екен. Мұндайда өсімдіктен жасауға болатын ем шараның болғанына шүкір. Бұл емшараның пайдасы керемет! Имбирь адамзат арасында өзінің қайталанбас дәмімен белгілі. Бұл емшара арқылы  асқазан мен ішек құрылысына пайдасын тигізіп, сонымен қатар ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтқарады. Санскритте бұл өсімдікті бекер «вишвабхесадж» яғни «әмбебап дәрі» атамаса керек. Теңізшілер имбирді өздерінің ұзақ сапарына цингадан сақтану үшін алып жүретін болған. Сондай ақ аталмыш шөп іш кепкенде, жөтел мен ревматизмге ем ретінде қолданылады. Соңғы зертеулерден байқалғаны оның асқорыту жүйесі және өкпе мен жүрек қантамырлары жүйесіне тигізер үлкен пайдасының бар екендігі болып отыр. Сондықтан бірнеше рецепті түрін ұсынып, имбирді қалай қолдануға болатынын үйретпекпіз.

 

№1 рецепт

Ендеше ауыздағы иісті кетіру үшін қалай қолдануға болады дегенге келсек: Іштей қабылдау үшін бір стакан қайнақ суға 1/2 шай қасық имбирь және  1/2 шай қасық жұпар жаңғағын қосу керек. Күніне  1-2 стакан ішіп тұрған дұрыс. Ауыз қуысы  үшін – 1 стакан жылы суға бір шымшым имбирь ұнтағын салып тамақтанып болған сайын шайып отырған дұрыс.

 

№2 рецепт

Алдымызда күз, қыс мезгілдері. Көп адамдар жөтеле бастайды. Салқын күндері имбирь қосылған шәй ішкен жақсы. Имбирь дәмі қышқылдау болады, бірақ шәйға қант қоссаңыз қышқылдығы түк сезілмейді. Бірақ емдік әсері азаятын сияқты. Сол үшін қант орнына бал қосып ішіңіз. Ем шараны дайындау үшін

Екі сарымсақ түйірі мен үлкендігіндей имбирь тамыры

жарты литр су

2 ас қасық қант немесе бал

аздап қара бұрыш

3 тілім лимон

қажет. Судың ішіне үккіштен өткізілген аршылған имбирь тамырын қосыңыз. Қант / бал қосып араластырыңыз. Бұрыш пен лимон да қосып, шамамен 5-10 минут қайнатыңыз.  Ыстықтай да салқындатып та ішкен жақсы. Мұндай шәй тұмаудың алдын алу үшін де жақсы. Ауырмаңыздар.

Каирзаманова Эльдана,  Алматы қаласы

оқушы

 

Комментарий