Қоғам | Общество

Балабақшаға кезек нөмірін қарау

Бүгінгі #oqy&toqy айдарын қазіргі кезде сұраныстағы қызмет түріне арнамақпыз. Маусым айынан бастап, балабақшаға жасы жеткен бүлдіршіндерге жолдама беріліп жатқаны мәлім. Нәтижесінде біраз баланың кезектегі саны алға жылжып келеді. Ондай болса, бүгін балабақша кезегін онлайн қарап үйренейік.
📌Egov.kz порталына кіріңіз
📌Іздеу жолағына «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» деп енгізіп, қызметті тауып алыңыз
*Нұр-Сұлтан мен Қостанайдан басқа аймақтар үшін☝️
📌Қызметті онлайн сұратыңыз
📌Баланың ЖСН нөмірі мен аумақты толтырыңыз
📌Кезек нөмірі осы беттің төменгі тұсында бірден шығады

Нұр-Сұлтан мен Қостанай үшін👇
📌Порталдағы аталмыш қызметке тапсырыс беру бетінің төменгі жағында сілтемелер тізімі берілген
📌Қажетті қаланы таңдап, сілтеме арқылы Indigo сайтына өтіңіз
📌Одан қажетті қызметті тауып, баланың немесе өтініш берушінің ЖСН-ін жазу арқылы қызметке тапсырыс беріңіз
📌Небәрі 10 секунд ішінде сайт кезектегі нөміріңізді шығарады

Комментарий