Қоғам | Общество

Оралда 5 жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Оралда 5 жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 5 шілде күні сағат 16.22-де 9-шағынаудандағы тоғыз қабатты үйде болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2015 жылғы ер бала 4-қабаттағы терезеден құлаған.

Ауруханаға жатқызылған баланың жағдайы орташа ауыр. Өкінішке қарай, мұндай оқиға Оралда азаймай отыр.

Комментарий