Қоғам | Общество

«Бұл хабарды Тоқаевтың өзіне жіберемін»: Жамбыл облысында індеттен өлгендердің мәйіті сасып жатыр (ВИДЕО

Бүгін әлеуметтік желілерде Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адамдардың қайтыс болып кетсе де қараусыз қалып жатқандары туралы видеосы таратылуда. Оны түсірген әйел өздеріне не бас дәрігердің, не медбикелердің кірмейтінін айтып шағымданып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған видеоны алдымен Instagram желісіне Жәнібек Бестерек атты азамат жариялады.

«Видеодағы менің Жазылбек деген досымның анасы – Салтанат әпке. Маған салшы, таратшы деп жіберген екен видеоны. Мұны кімнен сұраймыз? Не масқара бұл?! Жамбыл облысы Сарыкемер ауданындағы аурухана. @saparbayev_bm Ассалаумағалейкум, аға! Кімнен сұраймыз, аналарымыздың жанайқайын? Мынау Сарыкемердегі (Михайловка) болған жағдай бүгінгі», – деп, жазба авторы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сауал жолдады.

Одан кейін тележүргізуші Ирина Советжанқызы «Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасын белгілеңіздерші!» – деп, ол видеоны өзінің facebook парақшасына жүктеді.

«Медсестралардың келуі қиын. Өте қиын! Не главврачтар келмейді, не доғдыр келмейді. Ең қызығы, мына көрші палатада адам өлген түнде. 44 жастағы әйел. Сол әйелдің әлі өлігін алып кеткен жоқ. Уже бір сөтке болды. Әлі жатыр. Бұл жақтың врачына да, ешкімге де керегі жоқ. Главный врачқа жалоба жасап, астанаға, Алматыға хат жазамыз қазір», – деп шырылдауда видео түсіріп жүрген әйел.

Осылайша сөйлеп жүріп, ол көрші палаталарында көз жұмған марқұмның да иістеніп кеткен мәйітін таспаға тарты.

«Міне, өліп жатқан адам… Сұрасақ, «біз білмейміз» дейді бәрі. «Ешкімнің уақыты жоқ, скорая әкетпей жатыр» дейді. Міне, біз осының түбінде, соседная комнатада жатырмыз. Мына әйелдің өлгеніне қазір түнгі 4-те бір сутка болады. Уже иіс шығып жатыр. Сұмдық қой мынау! Здравоохранение қайда қарап отыр?!. Сонда бұл жақта ответственность жоқ па не?! Қазір мен бұл хабарды Тоқаевтың өзіне жіберемін», – дейді шыдамы таусылған науқас.

Комментарий