Қоғам | Общество

Елорда күні қарсаңында Текелі қаласы Тәуелсіздік алаңында биіктігі 25 м Тутұғыр бой көтерді

Мемлекеттік рәміздер – елдік пен егемендіктің, бірлік пен биліктің нышаны. Оларды дәріптеу ісін жаңа деңгейге көтеру – идеологиялық жұмыстың маңызды міндеттерінің бірі.

Жалпыхалықтық «Nur Otan» идеясының бастамасымен ұйымдастырылған «Менің туым, менің Отаным!» республикалық акциясы аясында аудан орталықтары мен облыстық маңызы бар қалалардың орталық бөлігінде Мемлекеттік Ту орнату туралы ұсыныс енгізілген. Мемлекеттік Тудың қоғамдық орындарда орнатылуын қамтамасыз ету, жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында бүгін Текелі қаласында Тәуелсіздік алаңында биіктігі 25 м Тутұғыр бой көтерді.

Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.

Текелі қаласы бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 13 жоба қарастырылған. Жалпы бөлінген қаражат сомасы 1 млрд 837 млн 10 мың теңге.
Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама аясында Текелі қаласында 2 жоба бойынша
(«Көктөбе» бақылау алаңында биіктігі 12 м Тутұғыр орнату және Бақылау алаңы айналасын абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталып, 12 маусым күні қолданысқа берілді.
Бүгін яғни 4 шілде күні Жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан кезекті 2 нысан (Тәуелсіздік алаңына биіктігі 25 м Тутұғыр орнату және Төле би көшесіндегі спорт алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстары) аяқталды.

Тутұғыр  орнату жұмыстарын «Нұрғазы құрылыс» ЖШС жүргізген.
Нысанда 5 адам жұмыс атқарған, оның ішінде 3 текелілік жұмыспен қамту орталығынан.
Қаламызда осы мерекелік шараға орай шағын салтанатты жиын өтіп, Мемлекеттік Ту көтеру мәртебесі Текелілік жас спортшы, Әлем чемпионы Акранбек Асемайға бұйырды. Мерекелік жиында қала әкімі Бахтияр Өнербаев жылы лебізін білдіріп, Елорда күнімен барша Текелі халқын құттықтады.

Комментарий