Ассамблея

Дәстүрлі «Достық» фестивалі дүбірлеп өтті

Жақында Талдықорған қаласында Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын іске асырудың екінші жылдығы аясында «Жаһандағы Қазақстандық мәдениетті ілгерілету» І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталмыш Іс-шара “Рухани жаңғыру” жобалық кеңсесі Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шарада Сорбонна университетінің профессоры, Халықаралық ғылым және өнер институтының директоры, Art&Science Сорбонны баспа бағдарламасының директоры-Киcселева Ольга Игоревна (Париж қ.,Франция); актер, Ереван мемлекеттік театр және кино институтының арт-менеджмент және мәдени саясат кафедрасының меңгерушісі, «HIGHFEST» халықаралық орындаушылық өнер фестивалінің Президенті, IFEA (International Festivals & Event Association) мүшесі, Ұлыбританиядағы Newcastle Playhouse “Out of the Blue” және “The Princess of Goblins” спектаклдерінің продюсері- Гукасян Артур (Армения);  2015-2018 жж. Қазақстан мен Қырғызстандағы Мәдениет және ынтымақтастық мәселелері бойынша Франция Елшілігінің кеңесшісі, мәдениет және ғылыми коммуникация саласындағы кеңесші- Касперский Гийом (Франция); мәдениет және ғылыми коммуникация саласындағы консультант, Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Малахова Ирина Александровна (Беларусь); драматург, театр сыншысы, “Theater – Dialogue” фестивалінің Арт – директоры, “NovaScena” креативті кластерінің негізін қалаушы және директоры Томаш Киренчук және басқалары қатысты.

Көрме кешенінде Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы  Қазақтың ұлттық қолөнер көрмесін ұйымдастырды: Ат әбзелдірінің көрмесі (ертоқым),  жүннен басылып жасалған бұйымдар көрмесі (войлок), домбыра шеберінің көрмесі, тоқыма бұйымдарының көрмесі.

«Достық дастарханы» көрмесінде Қазақ орталығы (Қазақтың ұлттық тағамдары),орыс орталығы (Каравай, блины), қытай орталығы (бұрышталған тауық, лаза-ти, позы /ашытылған наннан, кәріс орталығы (Крахмалды пигоди) , шешен орталығы(Хингаш), Әзербайжан орталығы (Долма), Татар орталығы (Чак-чак, ), Күрд орталығы (Баклава), Ұйғыр орталығы, Тәжік орталығы өз ұлттық тағамдарың келген қонақтардың назарына ұсынады. Шараның басты мақсаты ұлттар арасындағы достықты паш етіп, өзара қарым қатынасты жаңғыртуға негізделген. Шара барысында Шетелден келген қонақтар  ұлттық қолөнер көрмесімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Жоғары деңгейде өткен шара көпшіліктің көңілінен шықты.

Комментарий