Жер жаннаты - Жетісу

Мәслихаттың мәні зор!

Халық пен биліктің арасында алтын көпір қызметін атқарған барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. 

Жүргізіліп отырған талдау өңірлер деңгейінде қаралатын мәселелердің мәні мен сипатының  әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикаларының өсуіне қарай өзгеріп тұратындығын көрсетеді. Мәселен, Алматы облысының 1997 жылғы бюджетінің құрамы 12,9 миллиард теңге көлемінде болса, бүгінгі таңда ол 40 есе ұлғайып, 540 миллиард теңгені құрап отыр. Соның нәтижесінде әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталған қаражат көлемі де тиісінше көбейді. Мәселен, 2014 жылы облыс бойынша балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі 64 пайызды құраса, биыл ол 98 пайызға жеткізілді. Соңғы 3 жылда 51 мектеп салынды, 35 мектепте 3 ауысымды оқыту жойылды, жыл сайын 15 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілуде, орталықтандырылған сумен 657 елді мекен қамтамасыз етілді, жылдың аяғына дейін 800 мың тұрғыны бар 144 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі.

Жетісу жерінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне тоқталған Сұлтан Мырзабекұлы: “– Жергілікті өкілді органдар қызметінің тиімділігін арттыру қазіргі жағдайда маңызы орасан зор міндет. Өйткені мәслихаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың еркін білдіретін, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық реттеудің елеулі өкілеттіктеріне ие бірден-бір орган” , – дейді халық пен жергілікті биліктің арасын жалғастырып келе жатқан мәслихаттардың қоғамдағы орнына тоқталып.

Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің даму тарихы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың әрдайым ортақ міндетті шешіп келгендігін айғақтайды – ол ел игілігі мен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Мәселен, тәуелсіздік жария етілгеннен кейінгі кезеңде олар жергілікті экономиканың күрт құлдырауымен және жаппай жұмыссыздықтың өсуімен байланысты мәселелерді шешуге мәжбүр болса, қазір олар бюджет қаражатының тиімді пайдалануы, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қоғамдық кеңестердің жұмысын қамтамасыз ету сынды экономиканың және азаматтық қоғамның дамуымен байланысты мәселелерді шешуге ден қоюда.

Темірболат АХАЖАН,
Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы:

– «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында өтетін қоғамдық қабылдауларда айтылатын пікірлер мен көтерілетін мәселелер атқарушы билікке мерзімінде жеткізіліп, шешім табуына ықпал етіледі. Жұмысқа орналасу, баспана алу, тиесілі жалақыны өндіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қарызы сынды көпшілікті бейжай қалдырмайтын тақырыптар ұдайы көтеріліп тұрады. Солардың бәрін осындай республикалық жиындарда көтеріп, мемлекеттік деңгейде шешу өте маңызды. Шынында халықтың бір қажетіне жарағаныңды сезіне білу нағыз бақыт дер едім.

Комментарий