Құқық | Право

Әйелінің мойнына дөңгелек іліп азаптаған жігіт жеңіл жазамен құтылды

Қырғызстанда Жалал-Абад облысы Созақ ауданының соты әйелін жәбірлеген ер азаматқа екі жыл шартты жаза беріп, оны сот залынан босатты, деп хабарлайды centralasian.org.

Бұл туралы “Әділет” адам құқығын қорғау ұйымы 2 шілдеде хабарлады.

Пробациялық бақылау – Қырғызстанның Қылмыс-процессуал кодексіндегі жаңа ереже. Айыпталушыға бірқатар міндет жүктеледі. Оны орындамаса, бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

12 маусымда әлеуметтік желілерде Созақ ауданында түсірілген видео тарады. Ер адам әйелін байлап, оның мойнына автокөлік дөңгелектері мен кірпіш іліп, ұрған, үстіне суық су құйған. Бұның бәрін ол видеоға түсіріп алған.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 8 маусымда болған. 47 жастағы әйел 11 маусымда милицияға арызданған. Облыстың ішкі істер басқармасы 15 маусымда зардап шеккен әйел күйеуін кешіргенін хабарлады, соған қарамастан тергеу амалдары тоқтамады.

Комментарий