Қоғам | Общество

Карантин кезінде той жасауға тыйым салынды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында карантин кезінде той жасауға тыйым салынатыны айтылады, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу”, – делінген комиссия шешімінде.

Сондай-ақ күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс жасайтыны айтылды.

Комментарий