Әлемде | В миреҚоғам | Общество

180-нен астам журналист коронавирустан көз жұмды

Соңғы төрт айда коронавирустың кесірінен 35 елде кемінде 186 журналист көз жұмды. Бұл мәліметтерді сәрсенбіде Женевада Press Emblem Campaign (PEC) үкіметтік емес ұйым жариялады.

 «2020 жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында кемінде 186 журналист COVID-19 ауруынан қайтыс болды» деп хабарлады PEC . Бұл ретте маусым айында 59 тілші бақилық болған. Сонымен қатар ұйым нақты жалпы көрсеткіш одан да жоғары екенін мәлімдеді. Өйткені барлық елдер эпидемияның барысы туралы толық ақпарат бере алмайды және қайтыс болғандардың барлығы бірдей коронавирустық инфекцияға тексерілмеген. Ұйымның мәліметі бойынша өңірлер арасында баспасөз өкілдері арасындағы өлім-жітім бойынша бірінші орын Латын Америкасына тиесілі, онда 93 журналист COVID-19-дан көз жұмған.

Nege.kz

Комментарий