Қоғам | Общество

COVID-19: Қазақстан қауіпті ел саналғандықтан, Еуропа елдеріне кіруімізге «есік жабық»

Дипломаттар бұл шешім саясаттандырылмайтынына, ғылыми дәлелдерге және еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына негізделген деп сендіреді.
Еуропалық одақ COVID-19 инфекциясы жоғары деңгейде тарап жатқандықтан, Қазақстанды қауіпті деп атады. Сондықтан Қазақстан жақын арада еурпалық шекарадан өте алатын елдер тізіміне енген жоқ, деп хабарлайды stan.kz.

ЕО кеңестен кейін 1 шілдеден бастап кіруге рұқсат етілген 14 елді атады. Олар: Алжир, Австралия, Грузия, Канада, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Таиланд, Тунис, Уругвай, Черногория, Оңтүстік Корея және Жапония.

Дипломаттар бұл шешім саясаттандырылмайтынына, ғылыми дәлелдерге және еуропалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысына негізделген деп сендіреді. Сондай-ақ, «қауіпсіз» елдердің тізімі екі апта сайын қайта қаралатын болды.

Бұл тізімге кірудің негізгі критерийі – коронавирустық инфекция ЕО жағдайына ұқсас немесе одан жақсы болуы керек. «Қауіпсіз» елдердің азаматтарына алдын-алу шараларын сақтау туралы талаптар қойылады.

Комментарий