Қоғам | Общество

​​1414-ке шетелден тегін қоңырау шалу

 

Достар, шетелде жүргенде сіздерге мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда eGov порталына кіріп, 1414 Бірыңғай байланыс орталығының виртуалды кеңесшісімен тегін хабарласа аласыз.

Қоңырау шалу үшін сізге интернетке қосылған компьютер, микрофон мен бейнекамера немесе құлаққап қажет.

Тағы бір “жаңалық” бар: сіз кеңесшімен сөйлесу барысында 20 мегабайттан аспайтын кез келген форматтағы файлдарды жібере аласыз.

Жалпы, 1414 нөміріне келесі сұрақтар бойынша хабарласа аласыз:

Орталық eGov порталы және ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша кеңес береді, атап айтсақ, портал арқылы онлайн қызметтерді қалай алуға болатыны туралы, 1 және 2 топтағы мүгедектерге үйде қызмет көрсету үшін өтінімді ресімдеу, ХҚКО-ға кезекті броньдау.

1414-ке ұялы және стационарлық телефоннан қоңырау шалуға болады. Оператор сізге екі тілде – мемлекеттік немесе орыс тілінде кеңес береді.

Байланыс орталығы демалыссыз таңғы сағат 9-дан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді. Ал виртуалды кеңесшісі аудио- және бейнеқаңырауларды күн сайын, жексенбі күннен басқа, таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін қабылдайды. Пандемияға байланысты жұмыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

Комментарий