Шоу бизнес

“10 миллион адамның бірімін”. Әнші Айқын Төлепберген коронавирус жұқтырды

Әнші Айқын Төлепберген COVID-19 жұқтырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. Екі күн дене қызуым көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды. ПТР-ға тапсырдым, әлі дайын болмады. Мені қайта аяққа тұрғызып, тәубетімді қайтарған барша медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің”, – дейді әнші.

Төлепберген аурудың барына сенбейтіндерге үндеу жасады.

“Барша сенбегіштерге айтарым, үйде отырыңыздар. Екі-үш жетіде Алла қаласа басыла бастайды деп ойлаймын негізгі толқын. Себебі жан-жақта бәрі не ауырып жатыр, не ауырып шықты. Мен сияқты жас жігітті аяқтан жеңіл жығып құлатқан бұл дерт өте қауіпті! Ең қуантарлығы, толық жазылған соң “смело” жүре беруге болады”, – дейді әнші.

Ал кеше әнші Instagram желісіндегі Stories функциясы арқылы оқырмандарының “Коронавирус жұқтырдыңыз ба?” деген сұрағына, ауруды жұқтырғанын растады.

“Өкінішке қарай, мен де коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 10 миллион адамның бірімін. Бірақ жағдайым дәрігерлердің арқасында жақсарып келе жатыр”, – дейді әнші

Комментарий