Әлемде | В мире

Қонақ үй алдында ер адам 3 адамды пышақтап өлтірді

Оқиға кезінде полиция қызметкері жарақат алды, оған ауруханада көмек көрсетіліп жатыр.
Шотландияның Глазго қаласында жұртқа пышақ алып жүгірген азамат бес адамды жаралады, деп хабарлайды Bag.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оқиға қала орталығындағы қонақүйдің кіреберісінде болған. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Ал жараланғандар арасында полицей бар. Қазір оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Тәртіп сақшылары қылмыскерді атып, жарақаттады. Қылмыскер ауыр жарақаттан қайтыс болды.

Оқиға бақылауға алынған, ешқандай қауіп жоқ деп сендіргім келеді. Полиция күдікті адамды атып тастағанын растай аламын. Оқиға кезінде полиция қызметкері жарақат алды, оған ауруханада көмек көрсетіліп жатыр, – деп мәлімдеді Шотландия полиция бастығының орынбасары Бернард Хиггинс.

Комментарий