Талқыдағы тақырып

Қазақтарға айтарым, тян-шиі бар, басқада маркетинг арқылы сатылатын өнімдері бар, вообще жоламаңдар!

Осыдан он жылдай бұрын қазақтардың арасында қытай медицинасына табынушылар саны басым еді. Иә, о жақта реабилитациялық центрлер бізден барған адамдарды бірден баурап алды. Қазір, ондай центрлер бізде де көптеп ашылып жатыр. Әзір, қазақстан медицинасы қытай медицинасына қарағанда кейбір жағыннан әліде қайда көш ілгері деуге болады. Мысалға, әр қалада ашылған кардиохирургиялық, нейрохирургиялық орталықтарды айтар ем. Корей, израиль, европа сияқты елден емделіп келген науқастар алдыма жиі келеді. Соларға қарап отырып “ат айналып қазығын табадының” кебін көрем. Кешелі бері, тян-ши дәрісінің дүмпуі дүрілдеп кетті. Ол қарабазардағы сауда, ауруды емдемейді, оның құрамында не бар екенін білмейсіз, сонда да ішесіз. Менен тян-ши дәрісін ішіп жүрген науқастар сұрайды. Олар өнімнің емдік дәрі емес екенін түсінген соң тян-шиды ішуді кескін тоқтатады. Осындай сауданы істеп жүргендердің бәрі қазақтар. Егер ар-ұяты бар болса, оларға сауданың бұл түрінен бас тартыңдар дер едім. Қазақтарға айтарым, тян-шиі бар, басқада маркетинг арқылы сатылатын өнімдері бар, вообще жоламаңдар!

Bagay Nazarbaıuly

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий