Талқыдағы тақырып

Кейбірінің там соғу үшін жер сатып алған кредиттері де табыс боп есептеліпті

Басқаны қайдам, өзім кластас қыздардан қатты ұялып жүрмін. Құтты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі сияқтымын))
21 мың теңге шыққанда сүйіншілеп, барлық ақпаратпен бөлісіп тұрдым. Енді айдың басынан бастап тапсыруға барса, алды бес бала туған қыздар ілінбей жатыр екен. 3-4 бала туғандар үміттерін үзіпті. Көбінің не атасы, не енесі пенсия алады екен. Жұмысы жоқтарға 15 күн ішінде жұмыс тауып, 3 ай айлық алсын, сосын келіңдер деп қайтарыпты. Кейбірінің там соғу үшін жер сатып алған кредиттері де табыс боп есептеліпті.
Ең болмағанда 5 бала туған алты-жеті қызымыз бар еді, біреуі де ілінбейміз деп отыр.
Алла балаларыңның несібесін басқа жақтан бұйыртсын дегеннен басқа жұбататын сөз таппадым.

Гүлмира Аймағамбет

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий