Талқыдағы тақырып

Ал біздің қазақтың ұлттық кәсібі не? Шетке шықса қай кәсіппен жан бағып, қалпын сақтайды?

Бір байқағаным, тамырлас түрік туғандар қайда барса да, қайда тұрса да топтасып асxана мен шаштараз ашады, мешіт салып, балабақша-мектеп тұрғызады.
Бұлар әрине, өз кәсібін дамытып, саудасын жүргізу үшін жасалатын әрекет екені белгілі. Сондықтан аспаз, шаштараз, құрылысшы мамандықтары түріктің ұлттық кәсібіне айналып кеткен.
Бірақ ол ғана емес.
Бұл – әуелі, өзін ұлт ретінде сақтаудың да бір амалы. Асxана арқылы ол адал ас ішіп, жанын бағады. Шаштараз арқылы арын күзетеді. Мешітпен иманын, мектеппен ұрпағын сақтайды. Осылайша қай жерде жүрсе де тілі мен дінінен ажырамай, ұлттық қалпын сақтап отырады. Өзбек ағайын үшін де осыны айтуға болады.

Ал біздің қазақтың ұлттық кәсібі не? Шетке шықса қай кәсіппен жан бағып, қалпын сақтайды?

Дархан Қыдырәлі

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий