12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жемқорлықпен күресіп келеді. Соның айғағы 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң қабылданғаны болса, одан кейінгі жылдары оған талай мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, уақыт сұранысына сай жаңғыртып отырдық. Ал 2015 жылы бұл заңның орнын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң басты. Одан бөлек жыл сайынғы мемлекет басшысының Жолдауларынан да жемқорлықпен күрес мәселесі қалыс қалған емес. Яғни жемқорлықтың жолын заң арқылы кесіп, жемқорларға жазаны қатайтуға, қоғамның қарсылығын оятуға да үнемі көңіл бөлініп келеді.
Осы орайда сот жүйесі де жемқорлықпен күрес мәселесін назардын тыс қалдырған емес. Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бүкіл судьялар корпусы мен сот жүйесі қызметкерлерінің басты ұстанымына айналып отыр. Күнделікті қызмет барысында сыбайлас жемқорлықпен күрестің жеке жоспарларын түзіп, судьяларымыз бен сот мамандары арасында да жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында семинарлар өткізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру жұмыстары үнемі қадағалануда. Соңғы жылдары салаға енгізілген сандық технологиялар да ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Осы ретте сот жүйесі қызметкерінің ашықтығы, жұртшылықтың олардың қызметіне қол жетімді болуы, соттардың қызметінің анықтығы мен жариялылығы өте маңызды болып отыр.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке, өкіметке, сот әділдігіне деген сенімсіздік тудырады. Сондықтан салада сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмау басты мақсат болып отыр. Жалпы сыбайлас жемқорлық деректері барлық салаға кері әсерін тигізіп, әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып отыр.
Жалпы елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес аяусыз жүргізілуде. Биылғы жылдың алты айының өзінде елімізде 1 200 сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс қозғалып, 750 лауазымды тұлғаның қылмысы әшкереленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте «Түпкі мақсат — сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз. Жемқорлықпен күреске бүкіл қоғамды жұмылдыру керек. «Жемқорлық — індет, онымен күресу – міндет» деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру — барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Бұған бір реттік науқан ретінде қарамау керек» деген болатын. Демек сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтіле береді.

Әбенова Жанат, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...