Саясат | Политика

Астанада коронавируспен күрескендерге ескерткіш қойылмақ

Коронавирус індетінен құтылған соң, Астанада коронавируспен күрескендерге арналған ескерткіш тұрғызылады. Бұл туралы бүгін «Біз біргеміз» онлайн форумында президент Тоқаев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

«Осы індеттен құтылған соң Елордамызда азаматтарымыздың ерлігіне арналған ескерткіш қоюымыз керек», – деді президент.

Сондай-ақ форум барысында коронавируспен күресте алғы шепте болған азаматтарға «Халық алғысы» арнайы медалі берілетіні де белгілі болды.

«Бүгінгі форумда коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Осыған орай, мен «Халық алғысы» атты арнайы медаль тапсыруды ұйғардым. Бұл – осындай қиын-қыстау уақытта аянбай еңбек еткен азаматтарға арналған жаңа мемлекеттік марапат. Осы медаль нағыз Отаншыл жандарға тапсырылады деп сенемін», – деп атап өткен Қ.Тоқаев.

Комментарий