ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ КӨЛЕМІН КЕМІТЕ МЕ? | |
Бас тақырып | Тема дняЖаңалықтар | НовостиЭкономика

ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ КӨЛЕМІН КЕМІТЕ МЕ?

Биыл ел қазынасына кеденнен түсетін кіріс көлемі 200 миллиард теңгеге көбеймек. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісіне келіп «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық технология­лар» тақырыбында «Үкімет сағатын» өткізіп, депутаттарға есеп берген Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Әлихан Асханұлының бұл лауазымды иеленгеніне небары төрт ай. Осы қысқа мерзім министр үшін саланың мүмкіндігін таразылап, нақты шараларды айқындап, жүзеге асыруға жеткілікті болған сияқты

Жұмыстар жүргізіліп жатыр. Смаилов мыр­заның айтуынша, бұл аталмыш елдерден тасымалданатын тауарларға бақылау жа­сауға жол ашып, көлеңкелі экономиканың көлемін анағұрлым азайтуға мүмкіндік туғызады. Кедендік әкімшілендіру «Бір терезені» енгізу арқылы одан әрі жеңілдетіледі. Бұл жүйеде тауарларды әкелу және шығару үшін қажет барлық рұқсат беруші құ­жаттарды және кедендік қызметті электронды түрде алуға болады. Бұл қызметті енді ауыл шаруашылығы саласындағы тауарлардың сәйкестік сертификатына, санитарлық­-эпидемиологиялық ахуалға сайлылығын бекіту бойынша енгізу көз­деліп отыр. Министрдің айтуынша, осы шара­лардың бәрі салық төлеу, кедендік рәсім­ дерді жүзеге асыру барысындағы заңсыз әрекеттерді жойып, олардың әкімшілен­ дірілуінің сапасын көтеріп, ел қазына­сына түсетін кірістің көлемін арттыруға тиімді ықпал етеді. Депутаттар министр­дің бұл сөзін жоққа шығармаса да, кейбір мәселеге қатысты базыналарын іркіп қал­мады. Әсіресе, жиында қосымша баян­дама жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова салық пен кеден саласында орын алып отырған кемшіліктердің біра­зын ашып айтты.

Ол алдымен салықтық әкімшілендірудегі ақпараттық жүйені интеграциялау мен мәліметтер базасын қалыптастырудың толыққанды жүзеге аспай отырғанына назар аудартты. Бүгінде мұның зардабын қарапайым салық төлеушілер көруде. Былтыр дер кезінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдас­ тырмаудың салдарынан азаматтар мен заңды тұлғалар өз борыштары жайлы банкіге барғанда немесе әуежайда бір­ақ естіп, түрлі қолайсыздықтарға тап болды. Ең өкініштісі, бұл мәліметтердің бәрі қате болған. Салдарынан көбі уақытында де­малысқа шыға алмай, банктен шот ашты­ра алмай, несие ала алмай әуре болды. Бұл келеңсіздіктер әлі жойылмай отыр. Ал, шын мәнінде бұл мәселелерді шешу үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлініп отыр. Мәселен, тек 2015–2018 жылдары Қаржы министрлі­ гінің 30­дан астам ақпараттық жүйесіне 34,5 млрд теңге бағытталған. Салықтық әкімшілендіру жүйесін реформалау үшін 2,5 млрд теңге жұмсалыпты. Ал, биыл осы мақсат үшін тағы 9,5 млрд теңге бөлініп отыр. Мұның сыртында құзырлы орынға қарасты ұйымдардың ақпараттық жүйесі толықтай жетілдіруді қажет етеді. Олар­дың көбі 2000 жылдан бері қолданылып келеді. Соның салдарынан мәселен «Са­лық төлеушілер мен салық салынатын объектілер реестрінің» ақпараттық жүйесі бойынша мәліметтер мемлекеттік орган­дарға қағаз түрінде беріледі екен. Министр жаңа жоба ретінде таныс­тырған онлайн түріндегі бақылау касса­лық машиналарды енгізуге қатысты да көпшілік көкейінде реніш аз емес екен.

Гүлжан Жанпейісқызының айтуынша, Үкімет келер жылы толықтай көшуді жос­парлап отырған бұл құрылғыларды сатып алуға кәсіпкерлер құлықты емес. Олар бұл аппараттың да тез арада қолданыстан шығып, қайтадан ауыстыру қажеттігі туатынынан қауіптенеді. Сонымен қатар өздері пайдаланып жүрген аппараттарды не істейтіндерін білмей дал. Депутаттың айтуынша, оларды толықтай мұндай аппаратқа қысқа мерзімде көшіру қиын. Өйткені, аппараттардың саны жетіспейді, бағасы да қолжетімді емес. Құзырлы орын жобаны іске қосу үшін алдымен осы мәсе­лелерді толыққанды шешіп алу керек. Құрағұсова ханым назар аудартқан тағы бір мәселе – цифрландыру үрдісін­ де жеке және заңды тұлғалардың дер­ бес мәліметтерінің қолжетімді болуына қатысты. Депутат бұл ретте олардың теріс мақсатта қолданылу мүмкіндігіне алаңдау­шылық білдірді. Өйткені, мемлекеттік кіріс органдарында кадрлар тұрақтылығы жоқ. Бұл азаматтардың дербес мәліметтеріне қауіп туғызатын фактор.

Өзге депутаттар да жиын барысында өзекті мәселелерді көтерді. Соның бірі құзырлы орынның бюджеттен бөлінген әр қаржының қайтарымы болатынын түсін­беуі. Шын мәнінде бүгінде жыл сайын экономиканың маңызды салаларын дамы­ту үшін жұмсалып жатқан қаржы аз емес. Олардың бәрі салық түрінде бюджетке қайтып келуі керек болса, бірқатарының шыққан ізі ғана көзге түседі. Осыны айтқан депутаттар салықтық және кеден­дік әкімшілендіруді жетілдіру арқылы алынған материалдар негізінде экономи­каның қаржы түспей отырған тұстары анықталса деген ұсыныс айтты. Жалпы салық пен кеден амалдарын цифрландыру әрбір азаматқа, әрбір бизнес нысанына салық төлеу тиімді болатындай жүйеге қол жеткізуі керек. Сонда ғана біздегі көптеген заңсыздықтар жойылып, бюджет кірісі артады. Осы ретте жүр­гізіліп жатқан шаралардың аяқ алысынан үміттенуге болатын сияқты. Көштің жүре түзелетініне сенейік.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Комментарий