Саясат | Политика

Сайлау жақындағанда Қазақстан коммунистері қатарына жастарды тарта бастады

Қазақстан коммунистік халық партиясы Парламенттің төменгі палатасына 2012 жылы өткен. Қазір Мәжілісте партия атынан 7 депутат тіркелген.

Қазақстан коммунистік халық партиясының 30 проценттен астамы – жастар. Әрі олардың саны партия құрамында жыл сайын артып келеді. Бұл туралы партияның орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Қоңыровтың айтуынша, ұйым 16 жыл бұрын тіркелген кезде құрамында 60 мың адам болыпты. Қазір бұл көрсеткіш екі есе артқан.

Айта кетейік, Қазақстан коммунистік халық партиясы Парламенттің төменгі палатасына 2012 жылы өткен. Қазір Мәжілісте партия атынан 7 депутат тіркелген.

«Менің ойымша, біздегі жаңашылдық пен цифрлық платформа жастарға әлеуметтік баспалдақ болуға жарайды. Біздің рейтинг, біздегі өзін-өзі дамытуға деген талаптар жастардың өсуіне мүмкіндік береді деп есептеймін. Парламенттік сайлауға дайындық барысы бұл процесті жеделдете түседі. Сондықтан жастар тарапынан артып келе жатқан қызығушылықты атап өткім келеді», – дейді ҚКХП орталық комитетінің хатшысы.

Комментарий