Судья мінбері | Судебная система

Алматы қаласы Алатау аудандық пробация қызметі сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлес қосуда

Алматы қаласы, Алатау аудандық пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндетерін орындауларын бақылау арқылы әлуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталандарды түзу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын-алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады.

«Пробация» латын тілінен аударғанда «сынау» деген мағынаны білдіреді. Бостандығынан айырмайтын жазаға кесілген немесе мерзімінен бұрын шартты жазаға босаған сотталушыны бақылап және тексеріп қана қоймай, оған еркін өмірге бейімделуге, жұмысқа орналасуына, білім алуына көмектесу Алматы қаласы Алатау аудандық прбация қызметкерлерінің міндеттеріне жатады.

Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімі – пробациялық қызметі заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзімі шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледі. Сотталған адамды есепке қою кезінде оның тұрылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ оған ұсынылатын әлеуметтік – құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды.

Қазіргі таңда Алматы қаласы, Алатау аудадық пробациялық қызмет бөлімінің есебінде тұрған сотталғандар саны-586 адам. Шартты түрде сотталғандар мен бақылаудан бөлек бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсетуге ықпал етудің маңызы зор. Осыған орай Алматы қаласы, Алатау аудандық пробация қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қайта қылмыс жасамауға және құқықбұзушылықтарды болдырмау үшін жұмыс жасалуда. Олардың жүріс-тұрысын бақылап қана қоймай, әлеуметтік – құқықтық заңгерлік, медициналық, психологиялық және тағыда басқа көмектер көрсетіледі.

Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындамаған не тәртіп бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотты болғанға қатысты пробациялық бақылау мерзімін бір жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсынысын енгізеді.

Алматы қаласы, Алатау аудандық пробациялық қызмет бөлімінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды ай сайын тұрғылықты жерлерінен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда есепте тұрған сотталған азаматтар өздері қоғамға қажет екенін түсініп, тура жолмен жүруге тырысуда.

Алматы қаласы Алатау аудандық

ПҚ бөлімінің инспекторы

әділет майоры Ғ.І.Мұратбаев

Комментарий