Әлемде | В мире

Коронавирустан өлгендердің саны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы қаза санынан да асып түсті

Джонс Хопкинс университеті жасаған зерттеу бойынша, АҚШ-та COVID-19 пандемиясынан қайтыс болған адамдар саны Бірінші дүниежүзілік соғыстағы қаза санынан көп, деп хабарлайды Tengrinews.kz, CTV News дерегіне сілтеме жасап.

Елде коронавирустан 119,1 мың адам қайтыс болған. Күніне вирустан 400 тұрғын көз жұмады екен. Агенттіктің есебі бойынша, 1914-1918 жылдардағы соғыста елде 116,5 мың адам қаза тапқан.

Сәуірдің аяғында АҚШ-та COVID-19-дан адам өлімі Вьетнамдағы соғыстан озып кеткен.

Айта кетейік, АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұр – елде 2,1 миллион адамнан вирус анықталған. Күн сайын елде 20 мыңға жуық адамнан COVID-19 табылады.

Комментарий