Судья мінбері | Судебная система

Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру–Елбасының басты мақсаты

Әлбетте, адамның дамуы үшін ең алдымен адамдардың төменгі сатыдағы қажеттіліктері өтелуі керек. Қажеттіліктің басында физологиялық қажеттілік тұр, яғни тамақ, киім, баспана мәселесі.

Қажеттіліктердің ішінде екінші сатыда тұрғаны экзистенциалдық қажеттілік, яғни қауіпсіздік , теңгі күнге деген сенімділік, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

Бұл екеуі өтелмейінше, басқалары адам үшін онша қызықты емес. Сондықтан Елбасы бұл басты екі мәселені шешуге үнемі назар аударып келеді. Қазақстан сияқты халық саны аз, территориясы үлкен, елге ең алдымен сыртқы қауіпсіздікті күшейту керектігін түсінген Президент тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ сыртқы қауіпсіздік үшін күресті. Қазір Қазақстан дейтін ел барын бүкіл жер жүзі біледі. Елбасымыздың мемлекетіміздің шекарасын бекітудегі айрықша еңбегін бүгінгі таңда әрбір қазақ баласы жоғары бағалап отыр. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси беделінің артуына қол жеткізді. Халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген Президент ішкі саясатта экономиканы басты орынға қойды. Сөйтіп, берік экономикалық негіз қаланды.

«Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр», – деген еді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Бәсекеге қабілетті болу үшін – адам фактры алғы межеге шығады. Ол адами бәсекеге қабілетті білімді болуы керек.

Алдында айтқанымыздай, адамның дамуы үшін ең алдымен адамдардың төменгі сатыдағы қажеттіліктері өтелуі керек. Қажеттіліктің басында физологиялық қажеттілік тұр, яғни тамақ, киім, баспана мәселесі. Бүгінгі әлемдік замана тынысын дөп басып отырған Президент еңбек етіп жатқан көпшіліктің жалақысын көтеру, баспанамен қамтамасыз ету, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін арттыру мәселесін үнемі назарында ұстап келеді. Елбасымыз мұны бүгінгі таңда түбегейлі шешуге кірісті. Мұның басты айғағы Елбасының биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы болып табылады. Президент бұл жолдауында: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдылыққа айналуы тиіс. Мен лауазымды тұлғаның жеке тиімділігін және қызметке лайықтылығын дәл осы өлшемге сәйкес бағалайтын боламын»,- деп қадап айтты. Сондай-ақ, «Бизнистің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек. Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардын қаржының жиналуы әлі күнге дейін ашық еместігіне назар аударған Елбасы: «Бұл – маңызды мәселе, ол бизнис үшін кететін шығынның артуына адамдардың нақты табысын азайтуға әкеліп соқтырады»,- деді. Ендігі жерде бизнисте өз жұмысын жаңа бастаған адамдарға салық төлеуде үлкен жеңілдіктер жасалады. Сонымен қатар ауылшаруашылығына үкіметтің баса назар аударуын тапсырған Президент, ауылшаруашылығы өнімдерінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе арттыруды міндеттеді. Бұл дегеніңіз, ауылда тұратын адамдардың әл-ауқаты күрт көтеріледі деген сөз. Адамдар үшін жол мәселесінің маңызы ерекше екені мәлім, елбасы соңғы үш жылда 2400 шақырым автомобиль жолы салынса , 2020 жылы мұның ұзындығы 6400 шақырымға жететінін хабарлады. Баспана мәселесінде алдағы бес жылда 2 миллионнан астам адамға қолдау көрсетілмек. Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.

Елбасы белгілеп беріп отырған шаралардың толығымен орындалатыны күмәнсіз. Еліміздің даму мүмкіндіктері зор. Себебі, Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғи байлықтары, қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекеттері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті.

Елбасының арқасында дипломатияда көпвекторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шет елдермен мықтап орнатқан мемлекет. Президенттің мұның бәрін есепке алып, адам капиталына айрықша мән беруін біз шын жүректен қолдаймыз.

С.Баймакулова,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Комментарий