Қоғам | Общество

Талдықорғанда құны 8 млн теңгенің жаңадан салынған аялдамасы өртеніп кетті

Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде 8 млн теңгеге тұрғызылған аялдама өртеніп кетті, деп хабарлайды /ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. «Біләл Сүлеев көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген»,  – деді  Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс. Баспасөз хатшысының айтуынша, қазіргі уақытта мұндай аялдаманың 9-ы салынған. Ал өртенген аялдама оныншысы еді, бірақ әлі қолданысқа берілмеген болатын.  «Тұтастай алғанда барлығы 20 жаңа алдама салынуы жоспарланып отыр», – деді Д.Жаныс. Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

Комментарий