Құқық | Право

Жантүршігерлік видео: Жігіт келіншегін 12 метр биіктіктен лақтырып жіберді

БАҚ ерлі-зайыптылардың жанжалдасуына не себеп болғанын анықтады

Түркияда ер адам әйелін 12 метр биіктіктен тастап жіберді, деп жазды Haber Arti turk. Оқиғаның видеосы Facebook-те жарияланды.

Басылымның мәліметінше, жантүршігерлік жағдай Анкара автовокзалында болған.

Ерлі-зайыптылар 8 ай бұрын отасқан екен. Келіншек Стамбұлдағы бауырына барғысы келген, ал күйеуі қарсы болған, осыдан кейін   араларында жанжал шыққан.

Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ер адам қамауға алынған.

Комментарий