Қоғам | Общество

Назарбаев пен Байбектің қорынан мұқтаждарға 50 мың төленеді

Жақын арада Birgemiz қорынан берілетін 50 мың теңге көлеміндегі бір реттік төлемнің төртінші толқыны басталады.

Қазақстандықтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі әкімдіктерде көмекке мұқтаж жандардың тізімі бар, дейді Birgemiz қоғамдық қорының басқарма төрағасы Руслан Сәкеев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ауыл тұрғындарына көмек

“Бірінші және екінші толқын аясында жүз мыңнан астам халқы бар 23 ірі қаланың тұрғыны бір реттік төлем алды. Өйткені ол жерде коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болды”, – деді Сәкеев.

Үшінші толқын коронавирус инфекциясы тіркелген аудан орталықтарының, елді мекендердің тұрғындарын қамтыды. 50 мың теңгеден 110 мың адамға берілді.

Комментарий