Құқық | Право

Медицинаға қатысты сұрақтарды Qoldau 24/7 қосымшасы арқылы жолдауға болады

Жыл басында медицина мәселелеріне қатысты сұрақтарды қабылдайтын Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде тұрғындардан 598 өтініш келіп түскен. Оның 19-ы емдеу мекемелерінің қызметіне қатысты шағымданған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, Қор аталған қосымшаны азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелеріне байланысты сұрақтарын қабылдау мақсатында іске қосқан. Қазір Qoldau-24/7 қосымшасы толыққанды жұмыс істеп тұр.

«МСҚ азаматтардың медицинаға қатысты сауалдарынан хабардар болып, оларды шешуге септігін тигізетін байланыс каналдарын дамытуға күш салып жатыр. Кері байланыстың бұл түрі қазір өте ыңғайлы. Өйткені, тұрғындардың көбі байланыс орталығына хабарласып, туындаған мәселені операторға түсіндіріп жатқанша, электронды қосымшаға жазып қалдырғанды дұрыс көреді. Тұрғындардың өтініштері арнайы нөмірмен тіркеліп, мәселенің жауабы белгіленген уақытта шағымданушының қосымшадағы аккаунтына жіберіледі», – деді филиал басшысы.

Қосымшаны ұялы телефондағы App Store және Google play арқылы жүктеуге болады. Өтініш немесе шағым қалдыру үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелген шағымдарды Қор мамандары өңдейді, тиіс ті медицина ұйымдарымен бірлесіп шешеді. Сараптама қажет болған жағдайда мониторинг жүргізіледі.

Сонымен қатар, қосымшада жиі кездесетін сұрақтарға арналған бөлім бар. Азаматтар көпшілікті мазалайтын сауалдардың жауабын сол жекрден таба алады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қыркүйек айында МСҚ 1406 бірыңғай байланыс орталығын іске қосқан болатын. Орталық операторлары МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды тіркеумен айналысады.

 

МСҚ Алматы филиалының баспасөз қызметі

Комментарий