Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

“Кешіре алмаймын”: Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

Көкшетауда ажырасып кеткен әйелін өлтірмек болған 41 жастағы тұрғын қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабымен сотталды. Балаларының анасы екеніне қарамастан арам ойын іске асыру үшін киллер жалдаған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Атбасар қаласындағы Астраханка ауылында балалар спорт мектебінде есепші болып жұмыс істеген Күнсұлу Тілегенованың ажырасқанына екі жыл болған. Алайда, жұбайы Атбасарға  келіп, оны 1 айдай аңдып жүрген. Ал одан кейін киллер жалдаған.

“Сізді күйеуіңіз өлтіруге тапсырыс берді дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Мен оның балаларының анасымын ғой. Екі кішкентай бала жетім қалады ғой. Жоқ, оны кешіре алмаймын”, – дейді күйеуінен шошынған Күнсұлу Тілегенова.

Жалдамалы киллер арам пиғылды адамның бұл жымысқы әрекетін полиция қызметкерлеріне жеткізген. Бұл уақытта жігіт әйелге көрін қазып, дайындап қойған екен. Әйелін басынан ұрып «өлтірген» фото дәлел мен оның ұялы телефонын әкеліп, киллер «ақысын» алған сәтте күйеуі тұтқындалды. Бұның бәрі арнайы жасалған қойылым екенін сезбеген ол, қазір сот алдында жауап беріп жатыр.

Комментарий