Қоғам | Общество

Еліміздің қай өңірінде ұстаздардың жалақысы жоғары

2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша, білім саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 154,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 40,6 пайызға өскен, деп жазады ranking.kz.

Елімізде мектепке дейінгі білім саласы қызметкерлері ең төменгі жалақы алады. Олардың орташа жалақысы – 90,3 мың теңге.

Ал бастауыш сынып мұғалімдері – 137,74 мың теңге, орта білім қызметкерлері – 171,8 мың, жоғары білім қызметкерлері – 190,9 мың жеңге жалақы алады.

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы елордада тіркеліп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы мұғалімдерінің жалақысы – 260,3 мың теңге. Екінші және үшінші орында – Алматы (181,3 мың, өсім 27,5 пайыз) және Алматы облысы (158,5 мың, өсім 49,5 пайыз) тұр.

Ең төменгі жалақыны Батыс Қазақстан облысының білім саласы қызметкерлері алады. Олардың жалақысы – 134,6 мың теңге.

2020 жылдың 1-тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес білім саласында 1,1 млн адам жұмыспен қамтылған. Білім саласында жұмыс істейтіндердің 26,2 пайызы ғана – ер адамдар, ал қалған 73,8 пайызы – әйелдер.

Комментарий