Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ендігі WhatsApp қолданушылары хабарламаларды скриншот жасай алмайды

Бұдан былай WhatsApp қолданушылары хабарламаларды скриншот жасай алмайды. Мұндай өзгерту қолданушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілмек.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі It-need.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта компания өкілдері қосымшамен жұмыс істеп, «Анықтап тану» (Аутентификация) қызметін сынақтан өткізіп жатыр. Аталған қызмет хабарламаларды скриншот жасауға жол бермейді.

«WhatsApp қосымшасында қолданушылардың мүмкіндіктерін кеңейту үшін жаңа қызметтерді дайындауда. Жаңа қызмет түрлерінің кейбірі радикалды болып көрінуі мүмкін. Алайда қосымшаны әзірлеушілер өз қолданушыларының қауіпсіздігін ойлайды. Сондықтан «Анықтап тану» жаңа қызметі жеке мәліметтерді сақтауға мүмкіндік береді», – делінеді хабарламада.

Ендігі қолданушы қосымшаға кірер алдында «Анықтап тану» қызметі саусақ ізі арқылы өзінің тұлғасын растауды талап етеді. Бұл қызмет қосылғаннан кейін, қолданушы өзінің тұлғасын растағаннан кейін де чаттарды скриншот жасай алмайды.

Комментарий