Қоғам | Общество

Сатушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған жоба іске қосылды

100 мыңнан астам жеке тұлғаларды біріктіретін 40 заңды тұлғаның басын қосқан Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы (ҚСКҚ) «Adal nietpen» жобасының басталғанын хабарлады. Жобаның негізгі міндеті – кәмелетке толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (НБӨ) сатуға тыйым салу мақсатында бөлшек сауда дүкендері сатушыларының жауапкершілігін арттыру. Ол шағын бөлшек сауда өкілдеріне, оның ішінде дүкендердің иелері, кассирлері және НБӨ мен кәмелетке толмаған тұлғалар арасындағы байланыс бола алатын барлық адамдарға бағытталған.

«Біз бір қарапайым ойды жеткізгіміз келеді: кәмелетке толмағандар арасында темекі шегу мен никотинді тұтыну мәселесін шешу – ересектердің және темекі мен НБӨ сататын адамдардың жауапкершілігі болып табылады. Жоба аясында біз онлайн декларацияны іске қостық, оған бірнеше рет басу арқылы қосылуға болады. Бірақ декларацияның қағидаларын түсіну және қолдану, сол арқылы басқаларға үлгі көрсету маңызды» – дейді Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы Жібек Әжібаева. Оның айтуынша, жоба аясында ҚСКҚ http://atpk.kdt.kz/сайтында жеке айдар шығарды, онда бөлшек сауда өкілдері кәмелетке толмағандарға НБӨ барлық түрлерін сатуға тыйым салу туралы ерікті декларацияға қосыла алады. Қауымдастық кәмелетке толмағандар арасында НБӨ тұтыну мәселесі туралы хабардарлықты арттыру үшін бірқатар онлайн және оффлайн іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Олар туралы іnstagram арқылы жобаның аккаунты @adal_nietpen және http://atpk.kdt.kz/ сайтынан білуге болады.

ҚСКҚ-да бөлшек сауда өкілдерінің ең көп санына әлеуметтік жауапкершілік туралы еске салу үшін мегаполистерді ғана емес, сонымен қатар аймақтарды да қамту жоспарда бар. Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Рахметов: жобаның атауы – таза ниеттен қойылған. Біз сауда өкілдері өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы үшін жеке жауапкершілігін есте сақтау керектігін тағы да еске салғымыз келеді» – деді. Жобаның серіктесі болып отырған –«Алвин Маркет» зерттеу агенттігінің көмегімен – ҚСКҚ сатушылардың НБӨ сатуға қатынасын зерттеп, оның нәтижелерін жоба аяқталғаннан кейін жариялағалы отыр.

Е.Кебекбай

Комментарий