Саясат | Политика

«Ешқандай да қос билік жоқ»: қиын жағдайға қарамастан Назарбаевтың 80 жылдығы атап өтілетін болды

“Біз үшін Қазақстан мемлекетілігін нығайтуда оның тарихи және саяси мұраларын сақтау маңызды”, – дейді президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Комсомольская правда” газетіне берген сұхбатында биыл Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы аталып өтілетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи масштабтағы тұлға, заманауи Қазақстанның негізін салушы. Жақында (6 шілдеде) оның 80 жылдық мерейтойын тойлаймыз. Әрине, біз оның халық және халықаралық қауымдастық үшін жасаған еңбектерін айтатын боламыз. Біз үшін Қазақстан мемлекетілігін нығайтуда оның тарихи және саяси мұраларын сақтау маңызды. Сондықтан менің сайлауалды тұғырнамам сабақтастық деп аталды.

Назарбаев қазіргідей күрделі жағдайда дағдарыстан жылдам шығу, жаңа экономика құру және азаматтарды материалдық қолдау бағытын қолдауда батыл шешім қабылдады.

Ешқандай да қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бірнеше рет айтып, қазіргі президенттің айналасында бірігуге шақырды”, – деді Тоқаев.

Комментарий