Жер жаннаты - Жетісу

ТАЛҒАР АУДАНЫНДА 10 СОҒЫС АРДАГЕРІ ТҰРАДЫ

Биылғы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына Талғар ауданынан 10 соғыс ардагерінің аман-есен жетуі – зор қуаныш.

Мерейлі мерекеде Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров соғыс ардагерлерін Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, облыс әкімі Амандық Баталовтың құттықтау хаттарын жеткізді.

– Майдан даласындағы ерен ерліктеріңіз бен елге сіңірген еңбектеріңіз ұрпақтан-ұрпаққа өшпес өнеге. Біз сіздермен мақтанамыз, – деген Жолан Ыбырайақынұлы соғыс ардагерлеріне гүл шоқтарын, жеміс-жидек себеттері мен арнайы сыйлықтарын салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, Жеңістің 75 жылдығына орай елімізде әр ардагерге 1 миллион теңгеден берілгені айтылды.

– Отан үшін от кешіп, оққа ұшқан майдандастарымыздың рухына тағзым етеміз. Біздің ерлік істеріміз бен ерен еңбегімізді елеп, сый-құрмет көрсетіп жатқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкімі Амандық Баталовқа алғысымыз шексіз. Еліміздің еңсесі биік болып, ел іші бәле-жаладан аман болсын, – деген соғыс ардагері Абрахманов Жола ата аудан басшысына ақ батасын берді.

Кеудесінде жарқыраған орден-медальдары бар, ерлікке толы тарихтан сыр шертетін ардагерлер Қанатай Қамыров, Жола Абдрахманов, Иван Белоусов, Краснослав Маценко, Абдрахим Садықов, Вячеслав Легостаев, Евгений Пучкинді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов та құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Комментарий