Қоғам | Общество

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші

Әлемдік пандемия кезінде ел Президенті барлық ұйымдарға, кәсіпкерлерге өз отандастарына барынша қолдау көрсетуге және көмек көрсетуге шақырғаны белгілі. Бұл жай көптеген адамдарды бей-жай қалдырмады.

Бұл идеяны қиын кезеңде бір-біріне жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлікті сақтау парызымыз деп білетін волонтерлік, қайырымдылық және басқа да ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар қолдады. Әркім өз тарапынан көрсете алатын барлық қызметін көрсетіп жатыр…

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Қазақстан азаматтарына мемлекеттік қызметтерді онлайн ұсыну, әлеуметтік төлемдер жасау бойынша үздіксіз, үзіліссіз жұмыс істесе, біздің мекеме үшін де қызмет еткендер болды. Осындай қиын-қыстау кезде халықтың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару», ата – бабаларымыздан ұрпаққа беріліп келе жатқан жақсы қасиет. Осындай ауызбіршілік арқасында барлық қиындықтарды жеңетінімізге сенемін…

Алматы ХҚО-лары екі айдан кейін 25 мамыр күні қайтадан өз есігін ашты. Әлі де цифрлық қызметтерді алуға дағдылана қоймаған тұрғындар, алғашқы күні-ақ ХҚО-ларға лап қойды. Мұндайда карантин кезіндегі сақтық шараларын сақтауды ескермейтіндер де табылып жатты. Осындай кезде Алматы қаласының ІІД қызметкерлері көмекке келіп, азаматтардың тәртіп шараларын сақтауына үлес қосты. Әсіресе, Жетісу аудандық ІІБ қызметкерлеріне, бөлім басшысының бірінші орынбасары Арғымбаев Ерлан Оңлаханұлына алғыс білдіргім келеді. Бөлім қызметкерлері әр күні таңғы 9-дан кешкі 20-ға дейін кезекшілікпен қызмет көрсетуде.

Жетісу ауданының Әкімі Қиқымов Мақсат Сәкенұлының аудандағы ХҚО мен №3Мамандандырылған ХҚО-ға көрсетіп отырған қамқорлығын ерекше айтқым келеді. Мұндағы қызмет алуға келушілердің денсаулық жағдайын ойластырып, фронт-офисте дәрігерлік бұрыш ашып, ол жерде дәрігерлердің кезекшілігін ұйымдастыруға ықпал етті. Үйінде электрондық қызмет алу мүмкіндігі жоқ аудан тұрғындары үшін ХҚО-дан тыс орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын ашып берді. Сонымен қатар, Жетісу аудандық фронт-офиске келушілердің дене қызуын өлшейтін тепловизор аппаратымен де аудан әкімі Мақсат Сәкенұлы қамтамасыз еткенін айтқым келеді.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Жетісу ауданы әкімі Мақсат Қиқымовтың ұжымымызға көрсеткен қолдауы үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін! Жетісу ауданының өсіп-өркендеуі жолындағы еселі еңбегі жемісті болсын!

ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН АЙТ…

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Жетісу ауданы әкімі Мақсат Қиқымовтың ұжымымызға көрсеткен қолдауы үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін!» – деп жазды фейсбуктағы парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.
«Жетісу ауданының Әкімі Қиқымов Мақсат Сәкенұлының аудандағы ХҚО мен №3Мамандандырылған ХҚО-ға көрсетіп отырған қамқорлығын ерекше айтқым келеді. Мұндағы қызмет алуға келушілердің денсаулық жағдайын ойластырып, фронт-офисте дәрігерлік бұрыш ашып, ол жерде дәрігерлердің кезекшілігін ұйымдастыруға ықпал етті. Үйінде электрондық қызмет алу мүмкіндігі жоқ аудан тұрғындары үшін ХҚО-дан тыс орындарда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларын ашып берді. Сонымен қатар, Жетісу аудандық фронт-офиске келушілердің дене қызуын өлшейтін тепловизор аппаратымен де аудан әкімі Мақсат Сәкенұлы қамтамасыз еткенін айтқым келеді» – дейді ол.
Сонымен қатар, Алматы ХҚО-лары екі айдан кейін ашылған күні, цифрлық қызметтерді алуға дағдылана қоймаған тұрғындар ХҚО-ларға лап қойғанын, олардың көпшілігі карантин кезіндегі сақтық шараларын сақтауды ескермегендерін айта келіп, «.. Алматы қаласының ІІД қызметкерлері көмекке келіп, азаматтардың тәртіп шараларын сақтауына үлес қосты. Әсіресе, Жетісу аудандық ІІБ қызметкерлеріне, бөлім басшысының бірінші орынбасары Арғымбаев Ерлан Оңлаханұлына алғыс білдіргім келеді» деп жазды. Полиция қызметкерлері фронт-офисте әр күні таңғы 9-дан кешкі 20-ға дейін кезекшілікпен қызмет көрсетуде екен.
«Осындай қиын-қыстау кезде халықтың «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару», ата – бабаларымыздан ұрпаққа беріліп келе жатқан жақсы қасиет. Осындай ауызбіршілік арқасында барлық қиындықтарды жеңетінімізге сенемін…» -дейді филиал директоры.

Комментарий