Қоғам | Общество

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері екі адамның өмірін құтқарып қалды

Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан Әбдіразақов бүгін екі адамның өмірін құтқарып қалды.Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы филиалының директоры Данияр Қырықбаев өзінің фейсбук парақшасында жазды.


Ол сағат 12-00 де басталатын екінші ауысымдағы жұмысына келе жатып, жолдағы су құбыры құдығынан ыңырсыған дауысты естиді. Жақын келіп қараса, ішінде шығуға дәрменсіз, есінен айырылғалы жаттұан екі жігітті көреді. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан басқа адамдар да жиналып қалады. Ержан Әбдіразақов ойланбастан құдыққа құтқаруға жүгіреді. Оған Аманжол Жансейітов деген азамат көмектеседі. Екеулеп жүріп ес-түссіз жатқан екі азаматты құдықтан шығарады. Жедел жәрдем келіп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, әрі қарай ауруханаға алып кетеді… Жігіттер тезірек айығып, аман-есен қатарға қосылсын! Ал, біз Ержан сияқты өз қызметкерлерімізбен мақтанамыз! Ол біздің үздік қызметкерлеріміздің бірі. Үш баланың әкесі. Бейбіт күннің батырлары деген осы!

Ержан екі адамның өмірін құтқарып қалдыНаурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Ержан…

Опубліковано Данияром Кирикбаевим Понеділок, 1 червня 2020 р.

 

 

Комментарий