Құқық | Право

Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап бермек

Олардың ішінде, бұрын да “адам өлтіріп, қарақшылық, бұзақылық” жасап сотталғандар бар екен.
11 адамның өліміне әкеп соққан Қордайдағы қанды қылмысқа қатысты 59 адам сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқандар қазақ және дүнген ұлтының азаматтары. Олар “адам өлтіру, қарақшылық, тонау, өзгенің мүлкін бүлдіру” сияқты 29 түрлі қылмыстық іс шеңберінде тергеліп жатыр.

Қазір 59 адамның 8-і денсаулығы, отбасылық жағдайы секілді түрлі себептерге байланысты уақытша ұстаудан босатылған. Ал 12 күдікті  кепілдікпен уақытша бостандықта жүр. Ұсталғандардың басым бөлігі Масаншы, Бұлан батыр және Ауқатты елдімекенінің жұмыссыз жүрген жастары. Олардың ішінде, бұрын да “адам өлтіріп, қарақшылық, бұзақылық” жасап сотталғандар бар екен.

Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпан күні Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай қақтығыс болып, 11 адам көз жұмған еді.

Комментарий