Қоғам | Общество

«Бір жыныстыларды заңдастырар едім»: Байзақова президент болса 3 нәрсені өзгертетінін айтты

Атышулы Айжан Байзақова президент болса бір жыныстырларды заңдастырғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол блогердің қойған сұрағына жауап беру барысында  баяндады. «Егер президент болсам, сағат кешкі 9-дан кейін ішімдік сатуға рұқсат берер едім. Екінші бір жыныстыларды заңдастырар едім. Үшінші сөз бостандығын берер едім», – деді Байзақова.

Еске сала кетейік, Айжан Байзақова бұған дейін тікелей эфирде былапыт сөз айтып, Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен 3 күнге қамауға алынған болатын.

Комментарий